Дүйсенбі, 22 шiлде, 19:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Сіреспеге қарсы екпенің маңыздылығы

08.12.2023

603 0

Сіреспе – адамның жүйке жүйесінің зақымдануын, бұлшықеттің қатайып сіресуін және ағзаның улануын тудыратын жіті бактериялық жұқпалы ауру.

Қызылорда облысында соңғы жағдай 2005 жлы анықталды, содан бері аймақта сіріспенің бірде-бір дерегі тіркелген жоқ. 

Аурудың қоздырғышы – топырақта бірнеше жылдар бойы (10 жылдан астам уақыт) сақталып жататын бактериялар. Топыраққа ауырған адамның және жануарлардың нәжісімен түседі.

Зақымдалған тері немесе шырышты қабық, көбінесе жарақаттар, соққылар, құлаулар және т.б. арқылы, антисептикалық қағидаларды бұза отырып, науқастың үсік шалған тері қабатын немесе күйік шалған жерлерін емдеу барысында инфекцияны сау ағзаға жұқтыру қаупі жоғары.   

Ауру белгілері жедел басталады, алдымен ауыз және жақ еттері, кейін мойын, арқа, құрсақ, аяқ-қол бұлшықеттері сіресіп, дене қызуы қатты көтеріледі. Бұлшықеттердің сіресуінен жүрек тоқтауы да болады.

Сіреспе ауруының ағымының ауырлығына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

– орташа ағымда симптомдар 3-4 күн ішінде байқалады, құрысулар күніне бірнеше рет пайда болады, науқастың дене қызуы көтеріледі;

– ауыр ағымында ұстамалар сағатына бірнеше рет пайда болады, дене қызуы көтеріледі, жүрек қағысы жиілейді және қатты терлеу байқалады;

–  өте ауыр ағымда құрысулар әр 5 минут сайын пайда болады, жүрек қағысы жиілейді, тыныс алуы қиындағаны байқалады. Бұл жағдайда мұндай симптомдар жиі өлім жағдайына әкеп соғады.

Сіреспе – көбінесе ем қонбайтын өте қауіпті жұқпалы ауру, сондықтан онымен күресудің басты жолы дер кезінде адамның жасына қарай ауруға қарсы жоспарлы екпе алу. Сіреспе вакцинамен басқарылатын 20 инфекцияның қатарына жатады. Вакцина республикалық бюджет қаражаты есебінен алынып, тегін салынады.

Сіреспенің алдын алу мақсатында күл (дифтерия) және сіреспе сияқты бактериялық жұқпалы аурулардан қорғанысы бар аралас вакциналар қолданылады.  

Балаларды сіреспеге қарсы вакцинациялау екі айлық жасынан біріктірілген гекса және пента вакциналарымен басталады. Мектеп жасындағы балаларға вакцинаның 1 дозасын егу сіреспеден де қорғауды қамтамасыз етеді. АДС-М-анатоксині 16 жаста, әрі қарай әр 10 жыл сайын (26, 36, 46, 56 жас) және сіреспеге қарсы сары су жарақат алған, тері қабаттары мен шырышты қабықтарының тұтастығы зақымдалған адамдарға шұғыл жағдайда салынады.

Екпені емхананың егу бөлмесінде екпені жасау бойынша арнайы оқып үйренген, рұқсат алған жалпы практика дәрігері немесе педиатр-дәрігер, дәрігер болмаған кезде фельдшер жүргізеді.

Түрлі жарақат алғанда, үсік, күйік шалғанда және медициналық ұйымнан тыс босанғанда және тері қабатының тұтастығы бұзылған басқа да жағдайларда міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну қажет. Мұндай кезде өз бетінше ем алуға болмайды. 

Әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді алу арқылы денсаулығымызды қорғайық!

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

ақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: