Сенбі, 03 маусым, 09:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№43 (1950)
30.05.2023
PDF мұрағаты

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды

01.02.2021

679 0

Бүгін Қазақстанда халықты коронавирус инфекциясына қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау басталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас санитар дәрігер мен вице-министр «Спутник V» вакцинасын салдырды
131 0

«Елордада бастапқы кезеңде вакцинация №2, №4, №6, №7, №9 қалалық емханаларында жүргізіледі. Бірінші кезеңде (ақпан) тәуекел тобына жататын медицина қызметкерлері (жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел-жәрдем қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдары, көпсалалы ауруханалардың қабылдау бөлімдері) қызметкерлері вакцинацияланады», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Коронавирус: кімдерге вакцина салдыруға болмайды?

Айта кетейік, коронавирусқа қарсы вакцина тегін және кез келген адам вакцинадан жазбаша түрде бас тартуға құқылы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпанда «Спутник V» ерікті вакцинациялау науқаны басталатыны хабарланған болатын.

Келісімдер негізінде Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені елге «Спутник V» вакциналарының алғашқы партиясын жеткізді.

Ақпанда Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені 112 мың доза, наурызда 150 мың, сәуірден маусымға дейін ай сайын 600 мың доза вакцина жеткізеді.

Тағы да оқыңыз: