Сейсенбі, 23 шiлде, 11:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Қосшыңырау ауылдық округіне көгілдір отын қосылды

27.12.2023

434 0

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласына қарасты Қосшыңырау ауылдық округіндегі газ қосу рәсіміне қатысты. Жыл қорытындыланатын кезде көл-көсір қуанышқа кенелген ауыл тұрғындарын құттықтап, өңір инфрақұрылымын өркендетуде табысты іске асқан жобалар туралы айтты.

«Облыстың газдандырылған елді мекендерінің аумағы ұлғайып келеді. Қазір барлық аудан орталығы мен 4 қала (Арал, Қызылорда, Байқоңыр, Қазалы), 24 елді мекен табиғи газ пайдаланады. Биыл 12 ауылдық елді мекенге газ кіргізілуде. Күні кеше Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы 5 елді мекенге қосылды. Мамыр айында Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі газдандырылды. Ал, бүгіннен бастап Қосшыңырау ауылдық округінің тұрғындары «көгілдір отынның» игілігін көрмек. Келер жылға қаралған 4 млрд. теңгеге тағы 12 елді мекенді газбен қамтамасыз етеміз. 2024 жылдың соңында газдандыру деңгейі 78 пайызға жетеді. «Көгілдір отынның» келуімен ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіндегі кейбір қиындықтар артта қалады деп сенемін», – деді аймақ басшысы.

Ауыл тұрғындарын облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен Қосшыңырау ауылдық округінің ардагері Әлихан Смайлов құттықтады.

Іс-шара қонақтары Берік Әбуовтің үйіне табиғи газ қосу сәтіне куә болды.Айта кетейік, осы ауылдық округті газдандыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 662,7 млн.теңге бөлінді, мердігер мекеме – «РемСтрой» ЖШС.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: