Жұма, 05 шiлде, 21:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Токио әуежайында жолаушылар ұшағы өртеніп кетті

03.01.2024

570 0

Токио әуежайында ұшақ өртеніп, 400-ге жуық жолаушы эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2 қаңтарда Токиодағы Ханеда әуежайына қону кезінде Japan Airlines компаниясының ұшағы отқа оранған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті.

Japan Airlines (JAL) әуе компаниясының Airbus A350 ұшағы толық жанып кеткен. Борттағы 379 адамның бәрі аман.

Жапон басылымдары ұшақтағы 379 жолаушы мен экипаж мүшелері эвакуацияланғанын мәлімдеді. Kyodo сайты өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап, жолаушылар ұшағы Жапонияның жағалау күзетінің ұшағымен соқтығысқанын жазды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, жағалау күзетінің ұшағы жер сілкінісінен зардап шеккен Исикава префектурасына көмек әкетіп бара жатқан. Бұл ұшақтың бортында алты адам болған.

Жолаушылар ұшағымен соқтығысқан жағалау қызметінің ұшағындағы алты адамның біреуі ғана аман, қалған бесеуін іздестіріп жатыр.

Токиодағы Ханеда әуежайындағы барлық ұшу-қону жолақтары қазір жабық. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: