Жексенбі, 28 сәуiр, 09:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада бірнеше мәрте алаяқтық жасаған 39 жастағы әйел сотталды

26.01.2023

532 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қызылорда облысының тұрғыны 39 жастағы азаматша 2022 жылдың наурыз айында «несие алып беремін» деп және «медициналық мекемеге медбике болып жұмысқа орналастырып беремін» деп, алаяқтық жолмен екі қала тұрғынын алдап, ақшаларын алған. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын 850 мың теңгені құрады.

Тергеу барысында күдікті азаматшаның жасаған алаяқтық іс-әрекетті толығымен өз дәлелін тауып, оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (алаяқтық) сараланған.

05.01.2023 жылы сотталушы сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: