Сейсенбі, 23 шiлде, 00:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Covid-19: Жастар арасында көбейді

27.03.2021

1471 0

Коронавирустың кезекті толқынында Бразилияда вирусты жұқтырушы және індеттен көз жұмушылар арасында жастар көбейген. Ауырып жатқан жастардың арасындағы өлім көрсеткіші желтоқсанмен салыстырғанда 7 процентке өскен. Эпидемиологиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты CNN арнасының халықаралық тілшісі Мэтт Риверс «Неліктен Бразилияда жастар арасында Covid-19 жұқтыру дерегі көбейді?» атты репортаж-зерттеу материалын жариялады.

Тілші материалын індеттен қайтыс болған 28 жастағы Грасиан да Силваның отбасымен сұхбаттан бастайды. Силва тек 10 күн ғана ауырып, көз жұмған. Ауруханада жалғыз өзі қалған кезде қайтыс болған қызын анасы Мария да Пенья күнде ойлайды. «Қызым мұндай жағдайға тап болады деген ой үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Бұл өте тез болды. Вирус бізге қоштасуға да мүмкіндік бермеуде», – дейді анасы.

Артында 4 жасар баласы қалған Силва өткен жылы маусым айында Covid-19 вирусынан қайтыс болған. Алайда ол қайтыс бола­ды деп ешкім ойламаған. Себебі ол кезде вирус жұқтырғандар қатары күрт көбейіп, көбіне вирусты егде жастағылар жеңе алмаған болатын.

Бірақ жаңа жылдан кейін Бразилиядағы эпидемиологиялық ахуал нашарлап, індет жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетуде. Ал эпидахуалдың басты ерекшелігі жастардың вирусты ауыр өткеруі және олардың арасында өлімнің көбеюі болып тұр.

Осыған байланысты тілші өз мақаласында «Неге вирус жас­тар арасында көбейді?», «Жастардың жүріс-тұрысы мен сақ­тық шара­ларын сақтауы бұған әсер етті ме?» деген сұрақтарға жауап іздейді.

Автор жансақтау бөлімінің дәрігерлері «пациенттеріміз жа­сарып барады» деп дабыл қағуда дейді. Қаңтардан бастап Бразиялияның түрлі штатындағы ондаған дәрігермен сұқбаттас­қан тілші олардың көбісінен науқастар арасында 30-59 жас аралығындағы адамдар көбейгенін естіген.

«Індетті жұқтырғандар арасында ауыр халде жатқандар қа­тары көп. Олардың жағдайы сіз ойлағаннан да қиын» деді интенсивті терапия дәрігері Луан Матос қаңтарда CNN арнасына сұхбат берген.

Сондай-ақ М.Риверс материалында денсаулық сақтау ми­нистрлігі жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесін кіріс­тірген. Зерттеу нәтижесінде 30-59 жас аралығындағы науқастар арасындағы өлім көрсеткіші 27 процентке жеткені көрсетілген. Ал 60 жастан жоғары науқастар арасында көз жұмғандардың көрсеткіші 7 процентке төмендеген.

«30 жастағы адамдардың вирустан қайтыс болуы өте ауыр тию­­де. Олардың бар өмірі алда еді, бірақ вирус оған мүмкіндік бер­­меуде», – дейді интенсивті терапияның ардагері Мария Долорес да Силва.

Тілші өз репортажында «Не себеп?» деген сұрағына да жауап тапқандай. Ол бұл көрсеткіштің басты себебі вирустың жаңа «Р.1» түрі деп тұжырымдайды. Өйткені зерттеушілер «Р.1» нұсқалы вирустың жұғу көрсеткіші 2,2 есе көп деген мәлімдеме жасаған. Ең алғаш Ұлыбритания мен Оңтүстік Африкада пайда болған бұл вирус түрі Бразилияның 8 штатында таралғаны дәлелденген. «Ви­рустың бұл түрі өлімге алып келетін шығар. Бірақ бізде бұл тұжырымға зертханалық дәлел жоқ», – дейді бразилиялық эпидемиолог Джесем Орельяна.

Сонымен қатар зерттеушілер бұл көрсеткішке жастардың соңғы уақытта мерекелік кештерді көп ұйымдастырып, топтасып жиналуы да әсер етуі мүмкін деген тұжырым жасаған. Тілші репортажға бразилиялық микробиолог Н.Пастернактың тез тарайтын жаңа вирустың түрі барын және ол көп жас адамға жұғады деген ескертуін де кірістірген. Сондай-ақ тілші елдегі вакциналау науқаны туралы да сөз қозғайды. Оның айтуынша, жастар арасында вирус көбейгенімен, әзірге сылбыр жүріп жатқан вакцина егу алдымен егде жастағыларға жүргізіліп жатыр екен…

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: