Сенбі, 20 сәуiр, 19:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Жерсеріктен жеткен ажал

05.12.2020

907 0

Өткен аптада «Иран ядролық қаруының атасы», ғалым Мохсен Фахризадеге қастандық жасалды. Қастандық құралы жерсерік арқылы басқарылатын қару болып шықты. Иран тарапы қаза тапқан ғалымның өлімін Израильден көруде. Әлемдік БАҚ-тың назарына іліккен оқиға «The Wall Street Journal» басылымының да бас мақаласына арқау болып, зерттеу жүргізген. Сан Энгель Расмуссен мен Аресу Экбалидің «Иран ғалымы жерсерік соққысынан жан тапсырды» атты бірлескен мақаласы авторлардың оқиғаға салмақты ізденіспен ден қойғанын аңғартады. Мақаладан бөлек арнайы инфографика әзірлеп, ғалымға жасалған шабуылдың ықтимал әдісін көрсеткен.

«Өткен аптада ядро ғылымының белді өкілі қашық­тан басқару операциясы нәтижесінде қаза тапты. Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Али Шахмани «Қарсыластың мүлде жаңа ұрыс әдісі мен кәсіби шеберлік қолданғаны байқалады. Мақсат та айқын болған секілді» деген пікір білдірді. Иран мемле­кеті бұл оқиғаға Израиль қаруының қатысы барын баса айтып, жауапты да сол ел беруі қажает деген талап айтты. Алайда Израиль тарапы мәлімдеме жасауға асығар емес».

Авторлар нақты дереккөз бен ақпаратты алу барысында түрлі айла мен сақтыққа барған секілді. Мәселен, алғаш болып ғалымның өлімін естірткен Иранның жоғары лауазымды шенеунігіне сілетеме жасағанымен, нақты есімін атамайды. Сонымен қатар қаза болар алдындағы ғалымның қозғалыс маршрутының дәл уақыт көрсеткіші және оқиға кезіндегі көліктердің орналасу бағыты мен маркаларына дейін нақтылаған. Мұндай аз уақыттың ішіндегі нақты да ауқымды ізденіс тілшілердің кәсібилігінен хабар бергендей.

«Қаза табар алдында Мохсен Фахризаде әйелі екеуі жұма күнгі демалысты пайдалану үшін солтүстіктегі Ростамкела қаласынан Тегеранның шығысындағы Абсард қалашығына жолға шығады. Онда зиялы қауым демалатын зәулім виллалар орналасқан әрі ауа райы да жайлы. Абсардқа аттанған ғалыммен сапарлас төрт көлік болған. Қатарлас төрт көлік сағат 14:30 шамасында күре жолға түседі. Сол сәтте Nissan көлігіне орнатылған қашықтан басқарылатын пулемёт қаруы оқ жаудырыпты. Қақтығыс кезінде оқ өтпейтін көлікте отырған ғалым бір сәтке сыртқа шығуға мәжбүр болған. Сол сәтте ғалымның арқа тұсына оқ тиіп, жарақаттанады. Іс біткен сәтте 150 метр қашықтықта орналасқан. Nissan көлігі де жарылып кеткен. Мохсен Фахризадені алдымен жергілікті ауруханаға, содан соң ұшақпен Тегеранға жеткізеді. Алайда омыртқадан тиген оқ ғалымды тірі алып қалуға мүмкіндік бермеген».

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: