«Мұқағали Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын тебіреніспен, шын шабыттан, шын сағыныштан туған » деп Әбіш Кекілбаев айтқандай, бүгін №7 мектеп-лицейінде – қазақ поэзиясының патшасы, қысқа ғұмырында артына өшпес өлеңін қалдырған ақын М.Мақатаевтың туған күні.
Осы орайда 9 «Ә» сынып оқушыларымен «ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ХАНТӘҢІРІ» атты танымдық сағаты өтілді.
Оқушыларға ақын өмірінен видео көрсетілді. Шығармаларын мәнерлеп оқып, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Осылайша ақиық ақын әлеміне танымдық саяхат жасалды.
![](https://aqmeshit-aptalygy.kz/wp-content/uploads/2024/02/302-1024x768.jpg)
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!