Жұма, 19 сәуiр, 04:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Университет вакцина алғандар арасында ұтыс жариялайды

02.07.2021

993 0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 2021-2022 оқу жылында оқытудың дәстүрлі форматына көшуді жоспарлап отыр. Сол себепті ұжымдық иммунитет қалыптастыру өте маңызды.

Университет вакцина салдыру процесін жылдамдату мақсатында әр түрлі ынталандыру іс-шараларын өткізетіндігін хабарлайды.Вакцина салдырғандар арасында ұтыс ойындары ұйымдастырылады және төмендегідей жеңілдіктер ұсынылады:

–         ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Нұр-Сұлтан қаласына 30 студентке жолдама.

–         қызметкерлер мен студенттер үшін «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінің бассейніне 30 тегін абонемент.

–         студенттер үшін жазғы тынығу лагеріне 30 жолдама.

–         қызметкерлер мен студенттерүшінфитнес залға 30 тегін абонемент.

– 30 студентке бір оқу жылына жатақханаға тұруға 50% жеңілдік.

Ұтысқа қатысу үшін не істеу керек?

–         2021 жылдың 15 шілдесіне дейін екпе салдыру;

–  ұтысқақатысушылар аты-жөні, ЖСН және екпенің бірінші кезеңіналукүні көрсетілген өтініштіksu@korkyt.kz электронды мекен-жайға 2021 жылдың 23 шілдесіне дейін жолдау керек.

Конкурс 30 шілде күні сағат 15.00-де университеттің ресмиqorqytata_university инстаграм парақшасындатікелей эфирде өткізіледі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: