Сәрсенбі, 03 шiлде, 14:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

10 жастағы баланы көлік қағып кетті

01.06.2024

395 0

Сурет:lada.kz

Ақтауда баланы көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz 

29 мамырда 10 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қаққан. Зардап шеккен бала оқиға орнынан балалар ауруханасына жеткізілген. Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірді.

Басылым мәліметінше, бала дұрыс емес жерден жолды кесіп өтпек болған. Оқиға 19-шағынауданға қарама-қарсы тасжолда болды.

Сағат 9:20 шамасында 102 пультіне жол апаты туралы шақырту түскен.

«2014 жылы туған бала балалар ауруханасына жатқызылды. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды», – деді аймақ полиция департаменті өкілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: