Сенбі, 06 шiлде, 01:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

«EdTech Hackathon Kyzylorda» байқауы өтті

03.06.2024

171 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде стартап жобаларды, цифрлы шешімдер мен талантты мамандарды іздеу, ақпараттық технологиялар, инновациялық және стартап жобаларды дамыту мақсатында EdTech Hackathon Kyzylorda облыстық IT жобалар хакатоны өтті.

Байқауға тек білім саласындағы IT жобалар қабылданды. Хакатонға 16-35 жас аралығындағы студенттер мен оқушылардан 33 жоба келіп түсті. Әділ-қазылар құрамында Сеул Ұлттық Ғылым және Технологиялар университетінің IT мамандары Джесу Ким мен Сунгон Ким да болды. Финалдық кезеңге 15 жоба өтті.

Хакатон қорытындысына сәйкес Т.Есетов атындағы 264 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Жансая Ержанқызының жобасы үздік деп танылып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім грантын иеленді.
Жансаяның Easier together атты жобасы волонтерлар мен аз қамтылған отбасыларға сабақ беріп жүрген онлайн платфома. Қазіргі таңда 13 мемлекеттің 3000-нан астам оқушыларын 3 тілде STEM бағытында оқытып жүр.

Байқаудың жүлделі I орынын Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің 10 сынып оқушысы Нұрдәулет Дүзенов Flora Hub жобасы бойынша жеңіп алып, 250 000 теңге қаржылай сыйлықты еншіледі.
Ал жүлделі II орын 150 000 теңге қаржылай сыйлық Аян Қалданның Тест құру жүйесі жобасына, III орын 100 000 теңге Ернұр Дүйсенбектің Education Management System жобасына берілді.

Айта кету керек, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Жасанды интеллект институтын дамыту мақсатында Кореяның Сеул Ұлттық Ғылым және Технологиялар университетімен бірлескен жұмыстарды қолға алуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: