Сенбі, 20 сәуiр, 17:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада облыстық пәндік олимпиада өтеді

19.02.2021

1230 0

Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 22-27 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңі өткізіледі. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.

Білім сынағы «Абай» атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытылатын мамандандырылған сыныптары бар мектеп базасында өтеді. Олимпиадада аудандық және қалалық кезеңде жеңімпаз атанған оқушылар бақ сынайды.

Аудиторияларда арақашықтық сақталып, 15 оқушыдан отырғызылады. Балалар маскалық режимде сынақ тапсырады.

Облыстық олимпиада барысында балалардың тиым салынған гаджеттерді пайдалануына жол берілмейді. Конкурс ашық түрде іске асады. Қатысушылардың жұмыстары қазылар алқасына алдын ала шифрланған түрде беріледі. Яғни оқушылардың жұмыстары сканерленген түрде Google Disk жүйесінде уақытылы жүктеліп отырады.

Kyzylorda-news.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: