Дүйсенбі, 22 шiлде, 19:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

«Сыр самалы» – балалар тәрбиесінің жарқын ортасы

03.06.2024

213 0

«Сыр самалы» балабақшасы 180 балаға тәрбиелік және білім беру қызметін көрсетеді. Әр топта 25 баладан құралған. Бұл өз кезеңінде тәрбиешілерге әр балаға жеткілікті көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Балабақшада балалардың тілдік және әлеуметтік дағдыларын дамыту үшін сюжеттік ойындарға үлкен мән беріледі. Мысалы «Дәрігер», «Зерттеуші», «Мұғалім» секілді рөлдік ойындар ойнатылады.

– Жаз мезгілінде күн тәртібіне ерекше назар аудару қажет. Балабақшадағы күн тәртібі мынандай: балаларды таңертең қабылдау, таңғы ас беру, алма мен сусындар тарату, далаға серуен ұйымдастыру.Осы ойындар арқылы балалар сөйлеуді, өз ойларын жеткізуді және өзара қарым- қатынасты үйренеді. Бұл әдістер балалардың танымдық  және логикалық қабілеттерін дамытуға бағытталған, -дейді тәлімгер Ж. Жаңабергенова.

«Сыр самалы» балабақшасы ауылдық  жерде орналасқан.  Бұл ата-аналарға  қолайлы. Жақыпбек  Махамбетов елді мекеніндегі жалғыз мемлекеттік балабақша.  «Сыр самалы» балабақшасы балалардың дамуы мен тәрбиесіне зор үлес қосып, олардың болашақта білімді және әлеуметтік белсенді азамат болып қалыптасуына  баса мән береді.

НҰРХАН НҰРҒАЛИ

АБЫЛАЙ  ХАН ТҰРСЫНҒАЛИ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда 

университетінің студентері                            

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: