Бейсенбі, 25 сәуiр, 16:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Оқытудың жаңа тәсілі

26.04.2022

516 0

Бүкіл әлемде шамамен алты жастан бастап балалар мектепке бара бастайды. Егер балаларды ерте оқытудың жаһан­дануын назарға алар болсақ,  оқу­шылар күнде үйлерінен кетіп, белсенді уақыттарының басым бөлігін олардың оқуына арналған мекемелерде өткізе­тіндігін ұмытпаған жөн. Осылайша, өркениетті қоғамның құзырлы мүшесі саналатын оқу және санау сияқты когнитивті дағдыларды дамыту қажеттігі туындайды. Бірақ балалар мектепке топтың тең құқылы мүшесі болып үйрену үшін, бәсекеге қабілетті дағдыларын дамыту және индустриалдық және постиндустриалдық қоғамды қамтамасыз ету үшін, қажетті қабілеттерін қолдану үшін барады. Мектепте оқу жалпыға белгілі және түсінікті құбылыс болғанымен, шын мәнінде әртүрлі мәдениеттерде олар бірнеше негізгі дағдылармен қатар мектепте үйренуге тиісті дағдылар мен білімдердің алуан түрлері кездеседі.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқудың мақсаты: оқуға деген қабілеттерін, зейін, сөз сөйлеу дағды­ларын, ойлау, шығармашылық зияткерлік қабілеттерін дамыту. Міндеті:

– Оқушылардың белсенділіктерін арттыру;

– Оқушылардың еркін ойлап, өз ойла­рын, идеяларын жеткізе алуға мүмкіндік беру;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқытуды көбіне деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асырып отырамын. Бұл әдістің ерекшелігі-мұғалім бағыт беруші, ол оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеруіне жағдай жасайды. Ал оқушылар ізденуші, зерттеуші  ретінде өз бетінше жете түсіне алады, өткен тақырыппен салыстыра отырып, қорытынды жасай ала­ды. Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан  қарап, өзіндік пікір айтуға, саналы шешім қабылдауға  бағытталады.

Қорыта айтқанда, аталған тәсіл­­дерді сабақта тиімді қолданысқа енгіз­сеңіз баланың танымдық белсен­ділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ық­пал етеді, оқушылар оқудың қы­зық­ты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірле­сіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, ілім­нің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой – пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді.

Майра Жазыбаева,

Ә.Тыныбаев  атындағы

№11 мектеп-лицей

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: