Сейсенбі, 02 шiлде, 14:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Лагерде 10 жасар баланы соққыға жыққан

02.07.2024

195 0

Сурет:stan.kzq

10 маусымда Оралда 10 жасар бала мен оның әпкесі «Атамекен» балалар лагеріне жіберілген. Қалалық білім бөлімі оларға су тасқынынан зардап шеккендер ретінде жолдама берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Баланың әкесі лагерь басшылығы жауапкершілікті өз мойнына алса дейді. 

“Балаларға лагерге барған соң телефон ұстауға тыйым салынған. Қызым балалардың бірінің телефонын алып, 14 маусымда маған қоңырау шалып, баламды лагерде ұрып-соғып жатқанын айтты. Кешке барып балаларды алып кеттім. Себебі ол жақта балаларға ұнамайды деп ойладым. Сол кезде балаларды лагерь директорының өзі шығарып салды. Үйге келген соң ұлым денесіндегі көгерген жерлерін көрсетті. Ұлымның аяғы, қолы мен денесі көгерген. Айтуынша, оны 8-10 шақты жігіт спорт залда, көшеде ұрып-соққан. Балаларға айтарым жоқ, өйткені олар әлі бала ғой. Ал балаларды қабылдап, оларға қарауға уәде берген лагерь басшылығына және осының барлығын ұйымдастырған министрлікке сұрағым бар. Неге мұндай жағдай орын алды? Бұған қалай жол бердіңіздер? – дейді баланың әкесі.

15 маусымда ер адам баласымен бірге травматологқа барған. Ол гематомаларды жазып алып, полицияға арыз жазған. Алайда полиция бұл істі мүлде қозғамаған көрінеді. Ер адам адвокат жалдаған соң ғана іске кіріскен. 

Сөйтіп, небәрі 11 күннен кейін полицейлер сот-медициналық сараптамаға жолдама беріпті.

“Олар жолдаманы 26 маусымда кешкі уақытта берді. Біз барған кезде тексеру 16.00-ге дейін жүргізілгені белгілі болды. Үлгермей қалдық. Сараптаманы келесі күні өткіздік. Менің түсінуімше, олар бұл мәселені жасырғысы келеді», – дейді әділдік іздеген әке.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: