Жұма, 03 мамыр, 01:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Елімізде Ата-ана кодексі әзірленеді

24.05.2023

679 0

Сондай-ақ, «Балалар кодексі» жинағын шығару да жоспарланып отыр.

Қазақстанда 2024 жылдың үшінші тоқсанында Ата-ана кодексін қабылдау жоспарланып отыр. Құжат жобасын ҚР Оқу-ағарту министрлігі әзірлейді. Бұл туралы Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған «Бала қорғау» кешенді жоспарында жазылған. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Сондай-ақ, 2025 жылы «Балалар кодексі» кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты заңнама нормалары мен нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру жинағын әзірлеу көзделген.

«Ата-аналар кодексінің мақсаты – мемлекет пен азаматтардың ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін, олардың Қазақстандағы балалардың әл-ауқаты үшін жауапкершілігін айқындауға әріптестігі негізінде іске асыру. Ал Балалар кодексін әзірлеу балалар мен жасөспірімдерге кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты заңнама нормалары мен нормативтік құқықтық актілерді қолжетімді нысанда түсіндіру жөніндегі тағы бір құрал болады», – делінген жоспар жобасында.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда қазіргі таңда 6,6 миллионнан астам бала бар. Олардың жартысынан астамы (3,7 млн) оқушылар болса, 2,5 миллионнан астам бала мектепке дейінгі жаста. Қалған 400 мыңнан астамы – студенттер.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 6 маусымға дейін. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: