Сейсенбі, 02 шiлде, 16:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Шетелге сапарлайтын саяхатшыға арналған ұсынымдар

02.07.2024

78 0

Жазғы кезеңде, соның ішінде ыстық елдерде, туристік ағымның ұлғаюына байланысты безгек, лейшманиоз, филяриатоз, шистосомоз сияқты тропикалық паразиттік аурулардың және денсаулық сақтау саласы үшін өзекті мәні бар басқа да инфекциялардың сырттан әкеліну және таралу қаупі артады.

Аталған аурулардың ішінде безгек өте үлкен әлеуметтік-экономикалық және медициналық рөл атқарады. ДДҰ пайымдауынша, 2022 жылы дүние жүзінде 85 эндемиялық елде 249 млн. безгек ауруы тіркелген, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5 млн. жағдайға артқан. Аурудың ұлғаюына үлес қосқан негізгі елдер Пәкістан, Эфиопия, Нигерия, Уганда және Папуа-Жаңа Гвинея болды. 2022 жылы 233 миллион ауру жағдайы тіркелген ДДСҰ-ның Африка аймағына шамамен 94% жағдай келді.

Aedes aegupti масасы негізгі таратушы болып табылатын Денге безгегі  әлемнің барлық тропикалық және субтропикалық аймақтарында жиі кездеседі. Инфекцияны жұқтыру қаупі жаңбырлы маусымда жоғарылайды.           

Денге безгегі Оңтүстік және Оңтүстік-ШығысАзияда, Сахараның оңтүстігінде орналасқан Африка елдерінде, Орталық және Оңтүстік Америкада, Кариб теңізі аймағында, Океания (Тынықмұхиты) жәнеАвстралияда кең таралған. Соңғы жылдары Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қазақстандық туристердің жиі баратын елдер ретінде танымал

         ДДҰ мәліметі бойынша инфекция қаупі бар эндемиялық аймақтарда шамамен 2,5 миллиард адам өмір сүреді және жыл сайын шамамен 50 миллион денге ауруы байқалады, бұл жағдайда аурудан 21000 адам қайтыс болады.          

Денге безгегі – қансорғыш жәндіктер арқылы таралатын тропикалық елдердің жедел вирусты жұқпалы ауруы, бұл туристер арасында жиі кездесетін арбовирусты инфекция. Инкубациялық кезең 3 күннен 15 күнге дейін созылады, ал орта есеппен инфекцияланған маса шаққан сәттен бастап 5-8 күн. Балалар мен егдежастағы адамдарда ауру ауыр түрде өтуі мүмкін.

Кейбір жағдайларда температура пайда болғанға дейін бас ауруы, шаршау, арқаауруы, қалтырау, бастың артқы бұлшықеттерінің қаттылығы байқалуы мүмкін. Көбінесе ауру температураның 39-41°C дейін күрт көтерілуінен басталады.          

Негізгі белгілері омыртқа бойындағы ауырсыну, буындарда, әсіресе тізеде, сүйектерде, жамбас және арқа бұлшықеттерінің ауырсынуы болып табылады. Кейде кішкентай буындардың ісінуі байқалады.          

Болжамға сәйкес өлім-жітім егде жастағы адамдар мен әлсіреген балалар арасында 2% құрайды.                       

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне баратын адамдарға өзінің денсаулығын сақтау үшін келесі қорғану шараларын қолдану қажеттігін ескертеді:

үй-жайларда терезелер мен есіктерге тор орнатылғандығына назар аудару, егер тор болмаса, терезелер жабық болғаны дұрыс. Мүмкіндігінше кондиционердің болғаны жөн.Репеллентті теріге әр 3-4 сағат сайын жағу қажет, ұйықтауға арналған бөлмелерде аэрозольдар мен арнайы спиральдарды қолданған абзал. Аяқ-қолды түгел жауып тұратындай киім киген дұрыс. Шет елден оралғаннан кейін өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, Денге безгегінің қандай да бір клигикалық белгілері байқалған жағдайда өз бетімен емделумен айналыспай, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет және дәрігерге өзіңіз сапарлаған ел туралы міндетті түрде хабарлағаныңыз маңызды.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: