Бейсенбі, 10 қазан, 04:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Биыл да дәрі іздеп дүрлікпейік

17.04.2021

1973 0

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал күннен-күнге күрделеніп барады. Коронавирус жұқтырған науқастардың саны тәулік сайын артуда.

Індетті айтсақ, алдымен был­тырғы дәрі тапшылығы, қажетті құрылғылардың жоқтығы еске түседі. Дерт дендеген тұста көп­шілік қарапайым бас ауруының дәрісін таппай сенделген. Со­ның салдарынан дәрі-дәрмек баға­сы­ның да қымбаттағаны бар. Бұл олқылықтардың қайталанбауына орын алмауына тиісті сала басшы­лары қазір ерекше мән беруде.

Елімізде қолдануға рұқсат етіл­ген 7369 дәрі-дәрмек түрі бар. Оның ішінде 5 мыңнан астамы дәрігердің рұқсатымен тағайындалады екен. Осы дәрілердің халыққа қол­жетімділігін облыста 281 дәріхана қамтамасыз етеді. Оның 152-сі облыс орталығында болса, қалғаны аудандарда орналасқан. Осы орайда облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулы­сымен былтырдан бастап дәрі тапшылығын болдырмау және баға тұрақтылығын сақтау бойын­ша мониторингтік топ құрылған. Топ өкілдері аталған мәселеге жыл көлемінде бақылау жүргізіп келеді. Қаулы негізінде халықаралық атауы патенттелмеген 44 дәрілік зат дәріханаларда жеткілікті болуы тиіс. Яғни, антибиотиктер, дәрумен, вирусқа қарсы препа­рат, антипиретиктер, антико­агу­лянт­тар, гармоналды препарат, тұзды ерітінділер мен прибиотиктер кез келген дәріханадан табылуы керек. Осы дәрі-дәрмектің жеткілікті болуы – мониторингтік топ бақылауында.

Тұрақты жүргізілген бақы­лау нәтижесінде бүгінде ең қа­жетті дәрілердің қордағы кө­лемі артқандығы анықтал­ған. Денсаулық сақтау министр­лі­гінің медициналық және фарма­цевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Нұрсұлтан Ермекбаевтың ай­туынша, қазіргі күні қордағы антибиотиктер 2,6, вирусқа қарсы препараттар 2, антикоагулянттар 3,5 және ыстық түсіретін дәрі 4 есеге көбейген. Биыл «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС 17 фармацевтикалық ұйым­ға жалпы сомасы 281,2 млн теңге көлемінде қаржы бөліп, соның аясында қажетті препараттар мен медициналық бұйымдар, инъекциялық және гармондық дәрі­лер сатып алынған. Яғни бү­гінде қажетті дәрі-дәрмек қоры дәріханаларда да, қорда да жет­кілікті.

Дәрі қорының жеткілікті болуымен қатар оған қойылатын бағаның да тұрақтылығы, бөлшек сауда бағасынан асып кетпеуі де қатаң бақылауға алынған. Былтыр бағаны негізсіз өсіру дерегімен 33 жағдай анықталып, әкімшілік іс қозғалыпты. Биыл мұндай де­рек әзірге тіркелмеген. Ал жыл басынан бері 6512 дәрілік заттың шекті бағасы бекітілген.  Осы рет­те мамандар тұрғындардың «dari.kz» мобильді қосымшасының көмегімен республика аумағында тіркелген дәрілік заттардың тіз­бесін көре алатынын айтады. Сондай-ақ онда дәрі-дәрмек ту­ралы барлық мәлімет пен шекті бағасы да көрсетілген. Сол арқылы қажетті дәрінің нұсқаулығымен танысып, оның дәріханадағы бағасын да біле алады. Ал қосымшада көрсетілген баға мен дәріхана бағасы сәйкес келмесе тиісті орындарға шағымдануға болады.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова  апта басында қа­ладағы «№1 дәріхана», «Док­тор Плюс», «Еврофарма» дәрі­­ханасы мен «Аңсар» дәріха­налық желісін аралап, ондағы жағ­даймен танысты. Өз кезегінде облыс әкімі дәріхана иелеріне дәрілік заттардың қорын қалып­тастырудағы жұмысты күшейту керегін нықтап тапсырды. Қысылтаяң шақта жанына шипа іздеген жұртшылықтың қажетті дәрісін таба алмай, сарсаңға түсуіне биыл жол берілмеуі керек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: