Сейсенбі, 02 шiлде, 16:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада пробация есебіндегі екі сотталған грант ұтып алды

02.07.2024

79 0

Қазіргі таңда пробация есебіндегі азаматтардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұрған. Бұл пробация инспекторлары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі.
Кәсіп ашуды мақсат еткен пробация есебіндегі екі азамат «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту » бағдарламасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «кәсіпкерлік негіздері» курсын оқып, өз бизнес жобасын қорғап шыққан.Нәтижесінде мемлекеттен қайтарымсыз 1млн 476 мың 800 теңге грант ұтып алды.
«Бастау-бизнес» жобасы арқылы оқып, кәсіпкерлік жүргізудің қыр-сырын үйрендім. Жеке кәсіп ашамын деген азаматтарға мүмкіндік көп. «Көлік жөндеу слесарі» бойынша грант иегері атандым.
Қайтарымсыз қаражатыма кажетті заттарды сатып алатын боламын. Көлік
жендеу орталығын ашып, отбасымды адал жолмен асырап, халкыма
пайдамды тигізсем. – дейді сотталған азамат.
–Қазіргі заманда жұмыс жасап тұрмысын түзеймін деген жандарға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер берілуде дейді қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары әділет майоры Гүлнұр Байсариева. Есептегі азаматтар арасынан кәсіпке бет бұрғандар бар. Міне тағы екі азамат курсты
толық аяқтап, тест тапсырып, сертификат алды. Өз бизнес жоспарын
жасап, комиссияға ұсынған. Комиссиямен мақұлданып, қайтарымсыз
қаражат ұтып алды. Мемлекетіміз тарапынан жасалып жатқан бұндай көмектер пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіруге зор көмегін тигізуде. — дейді Гүлнұр Байсариева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: