Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 09:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

 Қызылорда  желілік полиция бөлімінің қызмет ету аймағында «Есірткіге – жол жоқ» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

19.09.2023

473 0

Бүгінгі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті. Қазіргі жастар арасында синтетикалық есірткі көп тараған. Осы дерттің алдын алу үшін құқық қорғау органдарына тапсырмалар жүктелген. Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері «Есірткіге – жол жоқ» тақырыбында қызмет ету аймағындағы темір жол вокзалы мен темір жол  мекемелерінің  қызметкерлеріне  түсіндірме  жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара кезінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының жедел уәкілі полиция лейтенанты А.Сахыпов жолаушылар поездының жолсеріктеріне және перрон алаңында орналасқан «Қазпочта» мекемесінің қызметкерлеріне «Есірткісіз болашақ» тақырыбында, яғни есірткінің зияндығы мен қауіп-қатерін, нашақорлыққа шалдығудың салдарын және есірткінің заңсыз айналымымен байланысты, сонымен қатар жастар арасындағы әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткі заттарын өткізу сату белең алып бара жатқандығын айта отырып, осы жүйедегі құқық бұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілікті түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: