Сейсенбі, 02 шiлде, 20:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры

02.07.2024

85 0

Бүгінде тәуелсіз елміздің егемендігінің нышаны болып отырған мемлекеттік тіл мәселесі қоғам өміріндегі маңызды тақырыптың біріне айналып отыр. Сан ғасырлық тарихы бар қайсар халқымыздың тұрмыстық өмірі мен руханиятынан сыр шертетін ана тіліміздің халық тағдыры үшін маңызы зор.

Тіл – қай елде, қай ұлтта болсын, қастерлі, құдіретті ұғым. Тіл байлығы – әр елдің ұлттық мақтанышы. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан баға жетпес мұра. Бұл әр адам өз ана тілін көздің қарашығындай қастерлеп, оның орынсыз бұрмалануына қарсы тұруы керек деген сөз. Ақын Қадыр Мырзалиев айтқандай, біз өзге тілді біле отырып, өз ана тілімізді қастерлеуіміз керек. Әлемдегі ең бай, ең әдемі тілдердің бірі – қазақ тілінің құдіреті жоғары. Тіліміз – бірлік пен ынтымақтың тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. Тіл – ұлтпен бірге туындап, оның жасампаздығын, сонымен бірге ұлттың төл ойлауы сынды маңызды ағза қызметін атқарады. Тіл ежелден бүкіл халықтың дүниетанымын ғана емес, ой-өрісін, тіпті мінез-құлқын қалыптастырып келеді. Қазақ халқы үшін ана тілін ұмыту өзін, жандүниесін жоғалтумен бірдей. Ендеше өзге елдің құлы болмай, өз халқымыздың перзенті болып, халқымыздың тілінің мәртебесін асқақтатып, биіктете білейік.

Ал тіл тағдыры ең алдымен халық тағдыры екенін ешқашан ұмытпауымыз керек. Тіл – бабалар аманаты. Ұлтымыздың ғасырлар  бойы жинаған қазынасын, құндылығын келер ұрпақ­қа жеткізер ұлттық болмысымыздың негізі. Менің ойымша, ғасырлар бойы  тарихымызда  бол­ған түрлі оқиғалардың куәсі құнарлы сөз болып саналғандықтан, бізге ол нәрсе сөз арқылы, ең алдымен тіліміз арқылы жететіндігі айқын. Тіл құндылығын  дамытар ұрпақты тәрбиелеу мектеп табалдырығынан бастау алады.

Нұртуған ӘБДІРАЗАҚОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: