Жұма, 05 шiлде, 22:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Сабалаққа газ барады

05.07.2024

97 0

Бүгін қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Жеңісбек Файзуллаев брифинг берді.

– Бүгінгі таңда Қызылорда қаласында халықты баспанамен қамту көрсеткіші артып келеді. Өткен жылы тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында өңірімізде алғаш рет Сол жағалау тұрғын ауданынан 504 пәтерді құрайтын 7 қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Қазіргі таңда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, абаттандыру, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Сол жағалаудан 470 пәтерді құрайтын 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, бүгінде абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Жоспардың бірі, 84 пәтерлі жеті қабатты 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін мыңнан аса пәтердің құрылысын аяқтап, пайдалануға берілетін болады, – деді Жеңісбек Исламұлы.

«Инженерлік инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасы аясында Арай мөлтек ауданындағы Мәуелі көшесіне ауыз су желісі құрылысы, «Бәйтерек» ықшам ауданындағы тұрғын үйлерді газбен жабдықтау және сумен жабдықтау желілерінің құрылысы, Жас Алаш және Теректі, Сарысу көшелеріне электрмен жабдықтау құрылысы және Сарысу көшесіне ауыз су құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, Белкөл кентіндегі Жерұйық, Сарыарқа, Бірлік көшелеріне электр желісі жүргізілсе, Қызылжарма аумағындағы 1,2,3 ауданында (35 көшеге) 38,25 км тас төселді.

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Қызылжарма, Ақсуат, Досан, Қараөзек ауылы, Қараөзек бекеті, Айнакөл ауылдарындағы тозығы жеткен электр желісі қайта жаңғыртылып, жаңадан қоныстанушы аумақтарға жаңадан электр желісі жүргізілетін болады.

«Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарламасы негізінде қаланың орталық бөлігінің кәріз желілері қайта жаңғыртылады. Универсам, Шымбай аумағында сумен жабдықтау және су бұру желісін қайта жаңғырту жобасы аяқталатын болады. Орталық бөлігінің кәріз желілерін қайта жаңғырту жобасы аясында 6,9 км кәріз желісі жаңғыртылады. Майлықұм көшесінің бойымен ауыз су желісінің 3,88 шақырым құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ, құрылысы 2023 жылы басталған «Қызылорда қаласында ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70,0 мың м3 биологиялық тазарту станциясын жаңарту және автоматтандыру» жобасы аяқталады. Нәтижесінде Титов тұрғын ауданындағы жағымсыз иіс азаятын болады.

КБИ ауданында Жаппасбай батыр көшесіне, Әуезов көшесіне және Арай ш/а көтергіш сорғы станциялары салынатын болады.

Келесі, ауқымды жобаның бірі – Сабалақ елді мекені мен Баймұрат батыр ауылына газ желілерін тарту жұмыстары басталатын болады. «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасы шеңберінде Қызылөзек ауылдық округінің 3 елді мекенінде газ құбырын және кварталішілік газ тарату желілерін салу» жұмысының жоба сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары бастау алатын боады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: