Сенбі, 20 сәуiр, 04:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Темірден түйін түйген кәсіпорын

02.02.2021

7692 0

«Қызылорда тазалығы» тек қаланы тазартумен ғана емес, оны абаттандырумен де айналысады. Өткен аптада Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен баспасөз туры өтті. Бұл жолғы нысан ерекше. Себебі біз барған кәсіпорында Қызылорда көшелеріне сән беріп, адамның көзі қызығатын дүниелер шығарады. Бұл – «Қызылорда тазалығы» мекемесінің дәнекерлеу цехы. Дәнекерлеу цехында соңғы үлгідегі технологиялардың көмегімен қоқыс жәшіктері мен контейнерлер шығаруда. Кәсіпорын шығарған

113 орындығы мен 20 қоқыс үйіндісі Назарбаев даңғылы мен Жақаев көшесінің бойына қойылыпты. Кәсіпорын алдағы уақытта қоқыс өңдеу саласында да біршама жобаны жүзеге асырмақ.

Цехта 6 адам жұмыс істейді. Мұнда айына түрлі үлгідегі жүздеген орындықпен, жиырмаға жуық қоқыс жәшігі жасалады. Сонымен қатар жақын арада кәсіп­орын жиналмалы чемодан жасауды да қолға алыпты. Ол жай көзге қарапайым чемодан болып көрінгенімен, ішінде балық аулау мен табиғат аясында уақыт өткізуге арналған құралдар топтас­тырылған. Яғни ішінде орындықтар, қазан-ошақ, табиғат аясына барғанда қажетті құ­рыл­ғылар бар. Сон­дай-ақ кәсіпорын ав­тобус аялдамасын құ­растыруды да қолға ал­мақ.

– Цех өткен жыл­дың тамыз айында іске қосылды. Барлығы соңғы үлгідегі құрыл­ғылар көмегімен басқа­ры­­лады. Мұндағы құ­рыл­­­ғы­лардың барлығы ар­­найы тапсырыспен Ал­ма­ты қала­сынан алынды. Мысалға, «MaxSteеl» құрылғы­сының ерек­шелігі қажетті ою-өрнекті жасап, қиып ала беру­ге болады. Біз «Мұз айдыны» меке­месінің тапсырысы бойынша жылу алмас­тырғыш жасап шығардық.  Бұл жылуды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бүгінде бізге тапсырыс түсуде. Алдағы уақытта басқа дүниелер шығаруды жоспарлап отырмыз, – дейді «Қызылорда тазалығы» мекемесі директорының кеңесшісі Серік Теңізбаев.

Цехта шығатын орындықтар қала көркіне сән беріп, тұрғындардың демалуына жайлы дайындалған орын болды. Алдағы уақытта кәсіпорын Wi-Fi желісі мен ұялы телефон қуаттайтын құрылғы және атақты қонақтардың ән-күйлерін орындыққа орнатуды жоспарлауда.

Шеберханада қызу жұмыс жүруде. Бірі темірді қиыстыра дәнекерлеп жатса, енді бірі орындыққа ою салуда. Шебердің бірі – Ержігіт. Ол он жылдан бері дәнекерлеуші болып еңбек етуде. Темірден түйін түйген маманға бәрі риза. Күні бойы оттың жалынына қарап отыруға мықты ерік-жігер мен денсаулық керек.

– 2011 жылы М.Ықсанов атындағы кол­леджін дәнекерлеуші мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Алғашқы күні бір күн жұмыс істеп, үш күн ауырдым, бір апта көзім қызарып жүрді.  Тәжірибесіздік қой. Содан біраз уақыт жоламай жүрдім. Сонда барып мұның тех­никасын, қыр-сырын меңгердім. Білгенімнен білмегенім көп. Технология күн сайын жаңаруда. Осыдан бірнеше жыл пайдаланған құралдар қазір қолданыстан шыққан. Оның орнын мүмкіндіктері көп жаңа құрылғылар басуда. Жаңа технологияны меңгеріп жұмыс істеу үшін әрдайым ізденіс керек. Бұл да үлкен өмір, – дейді Ержігіт Әлібаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: