Дүйсенбі, 01 шiлде, 02:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Тәртіпке бағынайық

14.04.2021

1671 0

Өткен жылдан бері күнделікті қолданысымызға «коронавирус», «пандемия», «карантин» ұғымдары етене сіңісіп кетті. Өкінішке орай, қатерлі дертпен күрес әлі жалғасып келеді. Талай жандар кеселдің тырнағына ілініп, денсаулығы мен өмірі үшін арпалысып жатыр. Коронавирус індетімен күресуге және оны жеңуге болады. Қарапайым ғана сақтық шараларын ұстанған адам ауруға бой алдырмайды.

Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан бетперде тағудың маңыздылығы айтылып жатыр. Алайда, бұл қағидаға селсоқ қарайтын жандар жетерлік. Сол себепті бетпердені тағды ұмытпаған жөн. Бұл сіздің денсаулығыңызды қорғауға ықпал етеді.

Қазір көптеген мемлекет карантин режімінде өмір сүріп жатыр. Яғни той-томалақтарға, отбасылық жиындарға тыйым салынған. Соған қарамастан бұл тәртіпті бұзып жатқандар көп. Саулық – сақтықта. Осыны естен шығармаған абзал. Отбасылық жиын тойларға бармаңыз. Көпшілік ортада коронавирус індетін жұқтырып алу қаупі өте жоғары. Сол себепті баршаңызды заңға бағынуға шақырамын.

Қоғамдық орындарда әлеуметтік арқашықты сақтап, бетперде тғуды үмытпаңыз. Ең бастысы ол әрине – вакцина салдыру. Екпе салдырудан үрейленудің қажеті жоқ. Екпе ектіру арқылы сіз өзіңізді және жақынынызды қорғай аласыз.

Аман ТҰРСЫНОВ,

Облыстық психикалық денсаулық орталығы бөлім меңгерушісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: