Сейсенбі, 16 шiлде, 18:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада газ беру уақытша тоқтатылды

16.07.2024

94 0

Қызылордада Қ.Яссауи көшесін қайта жаңғырту жобасы жүргізілуде. Аталған жобада жоғарғы қысымды (0,6МПа) диаметрі 315мм, жер асты полиэтиленді газ құбырын көшіру жұмыстарын жүргізу қаралған. Осыған орай, газ құбырын көшіру үшін 2024 жылы 17 шілдеде сағ. 07:00-ден бастап Қызылорда қаласының Жаңа базар, Агропром, ХҚКО аймағы, Шұғыла, ДЭУ, Диагностика, Автобекет ықшам аудандары (схемаға сәйкес) уақытша газдан ажыратылады.

Газды қайта қосу жұмыстары 2024 жылы 17 шілдеде сағ. 15.00 басталады. Газды қайта қосу кезінде мамандарға газ жабдықтарына қол жетімділікті және крандардың жабылуын қамтамасыз етуіңіз керек.

Газдың иісі сезілген жағдайда барлық газ шүмектерін жабыңыз, бөлмелерді желдетіңіз, от жақпаңыз, электр құрылғыларын қоспаңыз, 104 апаттық қызметіне немесе 109 телефон нөмерлеріне хабарласыңыз.

Келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: