Дүйсенбі, 22 шiлде, 20:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Бишімбаевтар экс-министрдің бұрынғы әйелінің бизнесін тартып алмақ болған

17.07.2024

327 0

Сурет:Коллаж Tengrinews.kz

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфир жүргізіп, әйел қауымына кеңесін айтты. Ол экс-министрмен ажырасу процесі қалай жүргенін әңгімелеп берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Назым Қаһарманның сөзінше, бір кездері оның кәсібі Бишімбаевтар әулетіне өтіп кете жаздаған. Ол мұндай жағдайда дау шығармай, манипуляцияға еріп кетпеу керегін айтты. 

«Мүлік арқылы да манипуляция жасауға болады. Мен де өзге әйелдер секілді күйеуіме сендім. Клуб менің бұрынғы енеме (Бишімбаевтың анасына) тіркелген. Біз ажырасып жатқанда «Қандай адамсың, клубты бер» деген секілді көрініс болды. Бұл да бір манипуляция. Жанжалға мән бермей өз жұмысыңды істей беру керек», – дейді Назым. 

Назым бұл кәсібіне 10 жыл уақытын арнағанын, бірақ бизнес Бишімбаевтың анасына жазылып кеткенін айтады. Артынша экс-министр бұрынғы әйеліне активтерін қайтарған. 

«Мүлікке қатысты мәселе «не істеп аласың?» дегендей басқару әдісінің бір түрі. Олар үшін өзіндік иінтірек болады. Мұндай жағдайда өзіңді қорғай білуің керек, егер ол манипуляцияға еріп кетпесең, бәрі дұрыс болады. Нәтижесінде ол маған клубты балаларының алдындағы абыройы үшін 8 айдан кейін қайтарды», – дейді Назым Қаһарман.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: