Жұма, 26 шiлде, 17:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Бес баланың анасы терезеден секіріп кеткен

26.07.2024

224 0

Сурет: t.me/myastanacity

Әлеуметтік желіде Астанадағы аулалардың бірінен әйелдің мәйіті табылғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиғаға көршілері мен өтіп бара жатқандар куә болған. Марқұмның жеке өмірінің егжей-тегжейлерін Астана тұрғыны айтып берді. Оның сөзін Telegram-арнасындағы Астана – Что? Где? Когда? Telegram-арнасы жариялады. 

«Мен 1990 жылғы әйелдің балконнан секіргеніне куә болдым. Бес баланың анасы, кішісі бір жаста. Күйеуі басқа қалаға кетіп қалып, онымен жанжал шыққан», – дейді тұрғын. 

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, әйелдің мәйіті полицияға тапсырылды. 

«Оқиға орнына жедел медициналық бригада шақырылды. Медициналық топ келген кезде үйдің ауласынан әйелдің мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, әйел жоғары қабаттан құлаған. Өмірге сәйкес келмейтін жарақаттан қайтыс болды. Мәйіт полицияға тапсырылды», – делінген хабарламада. 

Полиция, бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: