Жексенбі, 08 желтоқсан, 08:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Ғалым Әміреев: Референдумды қолдап, дауыс беру – елге жүктелген жауапкершілік

19.05.2022

1061 0

Халық өз таңдауы арқылы еліміздің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам жасайды. Референдумның өтетін уақыты белгілі. Оны өткізу тәртібі қандай, ол жастарға не береді. Ел үшін маңызы қанадай? Бүгін Сыр өңіріндегі жұмыс сапары барасында «AMANAT» партиясының республикалық штабының мүшесі, Парламент Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев жас сайлаушылармен кездесіп осы және өзге де мәселелерді түсіндірді.

«AMANAT» партиясының алаңында өткен жастармен кездесуге партияның Саяси кеңесінің және республикалық штаб мүшесі Б.Е.Танбаева, облыстық штаб мүшесі «Jas Otan»ЖҚ Қызылорда облыстық филалының төрағасы Медет Жорабек, «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, қалалық штаб төрағасы Ш.Әбдірахмановта қатысты.

«Өзгеріс өзімізге керек. Конституциямызға енгізілетін өзгерістерді бекіту үшін өтетін референдумның мәні мен маңызы осында. Елдегі реформаларға құқықтық негіз болатын өзгерістер халық талқысына салынып отыр. Ендеше, оны қолдап, дауыс беру – елге жүктелген жауапкершілік. Тәуелсіз Қазақстанның ең басты құжаты – Конституциясы. Ал ондағы жазылған әрбір сөз, әрбір тыныс белгісі маңызды рөл атқаратынын жастар түсінуі керек. Қазірден елдегі орын алып жатқан өзгерістерді дұрыс саралап, ой түйіп, немқұрайлылық танытпау қажет», – деді жастармен еркін пікір алмасқан республикалық штаб мүшесі Ғалым Әміреев.

Жиын барысында Президент шешіміне республикалық штаб мүшесі Базара Танбаевада түсініктеме берді. Ол әрбір жас Қазақстан азаматы ретінде референдумға қатысудың маңыздылығын сезінуі тиіс. «Әрине, қазір ұсынылып отырған Конституцияға енгізілетін өзгерістер қоғамдағы барлық маңызды мәселелерді қамтып отыр. Сондықтан Жаңа Қазақстанның болшағы Сіздердің қолдарыңызда деп барлық жастарда референдумға белсене қатысуға шақырды.

Жастар атынан сөз алған М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Шернияз Жалғасбекұлы қолданыстағы Ата заңымыздың жастар үшін жаман болмағанын және алдағы өзгерістерден мұнан да зор үміт күтетіндіктерін жеткізіп, сырбойылық жастар референдумға белсенді түрде қатысады деп сенім білдірді.

Жалпы кездесу барысында жастар халық қалаулысына көкейлеріндегі сауалдарын қойып, өзара пікірлесті.

Ғалым Әміреев: Референдумды қолдап, дауыс беру – елге жүктелген жауапкершілік

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: