Жексенбі, 28 шiлде, 00:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59-2069
27.07.2024
PDF мұрағаты

Тағы бір Қазақстандық теннисші Олимпиадаға қатыспайтын болды

27.07.2024

30 0

Сурет: ҰОК

Парижге барған Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Олимпиадаға қатыспайтын болды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлайды. 

Путинцева Парижге ұшып келіп, белсенді түрде жаттыға бастаған  болатын.  Алайда, украиналық Марта Костюкпен болатын матч алдындағы дайындық кезінде қазақстандық спортшы тізесін ауыртып алды. Медициналық тексеруден өткен соң турнирден бас тарту туралы шешім қабылданды. 

Бұған дейін  де Юлия тізесіндегі жарақатын  айтып, шағымданған болатын. 

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев аталған жағдайға қатысты пікір білдірді. 

«Париж Олимпиадасы біз үшін сынақпен басталуда. Алдымен Елена Рыбакина сырқатына байланысты  бас тартса, бүгін  Юлия Путинцева жарқатына байланысты жарысты тоқтатты. Екі спортшыға да үлкен үміт арқан едік, өкінішті», – деді Досқараев. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: