Жексенбі, 05 мамыр, 03:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Құлаған құрылыс материалы жас жігітті басып қалды

17.10.2022

680 0

Шымкентте биіктен құлаған құрылыс материалы 22 жастағы жігітті басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Жергілікті телеарнада айтылған мәліметке сүйенсек, оқиға 16 қазан күні кешкі сағат 5-6 шамасында болған.

Бейнедегі кадрлардан құрылыс аумағында үш жұмысшының төменде тұрғанын көруге болады.

Ал, төбеден құлаған ағаш бірінің үстіне түсіп, басып қалған.

Салдарынан «Тұран 2» шағынауданындағы құрылыс алаңында жұмыс істеп жүрген 22 жастағы жігіт көз жұмды.

Қалалық полиция департаменті қайғылы оқиғаның болғанын растады, бірақ егжей-тегжейлі мәліметті кейінірек беретін болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: