Жексенбі, 28 шiлде, 21:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59-2069
27.07.2024
PDF мұрағаты

Көзі қызарып тұр деп бортқа мінгізбеген»: Желіде қыз Air Astana әуекомпаниясына шағымданды

28.07.2024

36 0

Сурет:видео скрин

Желіде қыз Air Astana әуекомпаниясына шағымданды. Сөзінше, оның көзі қызарып тұрғандықтан, оны бортқа кіргізбеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Air Astana әуекомпаниясының жолсеріктері қызға бортқа кіруге рұқсат бермеген көрінеді.

«Олар маған рейске отыруға рұқсат бермеді. Мен медициналық тексеруден өтуге дайынмын. Алкоголь, есірткі және кез келген нәрсенің бар-жоғын тексертемін», – деді Карина Набиева өзінің TikTok парақшасында.

Бойжеткен құжаттармен тіркеуден және бақылаудан өткен, бірақ ұшақтың есігінен кіргізбепті. Каринаға жолсерік “көзіңіз қызарып тұр” депті.

Жағдайға әуекомпанияның баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«26 шілдеде Алматы-Шымкент бағыты бойынша KC969 рейсіне жолаушы кіргізілмеді, себебі оның алкогольдік масаң күйі әуекомпания қызметкерлерін алаңдатты. Мұндай мінез-құлық жолаушының денсаулығына қауіп төндіріп, басқа жолаушыларға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Осы факті бойынша полиция қызметкерлері қажетті актілерді жасауға шақырылды. Кейін тексеру кезінде қанда алкоголь бар екені расталды», – деп хабарлады Air Astana-ның баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: