Жұма, 14 маусым, 16:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46-2056
11.06.2024
PDF мұрағаты

Ақтөбеде сот әйелді жоқ баласы үшін алимент төлеуге міндеттеген

29.05.2023

544 0

Маңғыстау облысының 43 жастағы тұрғыны Анар Бердібаева тұрмыс құрған, үш баласы бар. Бірақ жақында сот орындаушысы келіп, тағы бір баласы бар екенін және ата-ана құқығынан айырылғаны туралы айтыпты. Дегенмен әйел жоқ баласы үшін алимент төлеуге міндетті. Төлемді уақытында жібермегендіктен енді әйелдің мүлкіне тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әйел бұл ақпаратты естіген соң жұбайымен бірге мән-жайды білуге Ақтөбеге барып. Белгілі болғандай 2007 жылы ақтөбелік полицейлер үйлердің бірінен 2 жасар Руслан есімді баланы тапқан. Кейін бүлдіршінді ешқандай құжаты болмаса да балалар үйіне жіберген. Біраз уақыт өткен соң балалар үйі туу туралы куәлігін алу үшін АХАЖ бөліміне жүгініпті. Арызда баланың анасының есімі Анар Бердібаева екені көрсетілген. Алайда әйелдің жасы қаншада, әкесінің кім екені де жазылмаған. 

Руслан 6 жасқа толған соң Қызылордадағы ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған интернатқа жіберген. 2019 жылы Ақтөбе соты 14 жастағы Русланның анасы ретінде көрсетілген Бердібаеваны ата-ана құқығынан айырып, алимент төлеуге міндеттеген. Мұны білген соң әйел Руслан Бердібаевтың құжатындағы «анасы» деген жерде көрсетілген өзінің есімін алып тастау туралы арыз түсіріпті. Айтуынша, «ақтөбелік ұлы» дүниеге келген ол өзге аймақта тұрған әрі өзінің кішкентай баласы болыпты. Тіпті ДНҚ-сараптамасы да Руслан мен Анардың туыс емес екенін көрсеткен. 

Дегенмен бұл деректерге қарамастан әйел сотта жеңіліп қалды. Себебі әділет департаменті құжаттарды балалар үйінің арызына сәйкес бергенін және құжат рәсімдеу кезінде ешқандай артық ақпарат көрсетпегенін мәлімдеген. 

Барлық мәліметтерді сараптай келе сот әділет департаментінің кінәсі жоқ екенін растаған. Департаментте балалар үйі ұсынған мәліметтерге сүйеніп Бердібаев Русланға құжат дайындаған. Бірақ 2019 жылы Қызылордадағы интернет неліктен маңғыстаулық Анар Бердібаеваны баланың анасы деп шешім шығарғаны белгісіз. Ал Қазақстанда Анар Бердібаева есімді 6 азамат бар екен. 

Жоғарыда аталған дәйектерді ескере отырып сот Бердібаеваға 4 жыл бұрынғы шешімді жоққа шығару үшін арыздана алатынын атап өткен. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: