Сәрсенбі, 31 шiлде, 23:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60-2070
30.07.2024
PDF мұрағаты

Қалалық мәслихаттың ХХІІІ сессиясы өтті

31.07.2024

16 0

Бүгін қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХІІІ сессиясы өтіп, оған

қала әкімі Серік Қожаниязов қатысты. Сессияда шаһар басшысы өткен 6 айдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң динамикасы қалыптасқандығын атап өтті.

Биыл аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру үшін аулаішілік жолдарды жөндеу және абаттандыру жұмыстары ерекше қарқынмен басталды. Бұл бағытта 25 тұрғын үй ауласындағы ойын алаңдарын күрделі жөндеу, 13 көпқабатты тұрғын үй шатырын қалпына келтіру жұмыстары да атқарылуда. Сол секілді жасыл желегі бар жерлерге демалыс орындарын көбейту шаралары қабылданды. Қазір қала әкімдігі «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда университетімен бірлесіп, «Агро-биологиялық» бағын демалыс саябағына айналдыру жұмыстарын жүргізуде. Ал, қалалық мәдени және демалыс паркі, Тұңғыш Президент, денсаулық, Батырхан Шөкенов атындағы саябақтары мен Қорқыт Ата мемориалы аллеясы қайта жаңғыртудан өткізіледі. Яғни, облыс орталығындағы 33 сквер-аллея, саябақ пен демалыс орындары толықтай қамтылады.

Бұл жұмыстармен қатар, қалалық мәслихаттың бүгінгі сессиясының қарауына ұсынылған басқа да ауқымды жобалар депутаттар тарапынан қолдау тапты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: