Бейсенбі, 01 тамыз, 23:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60-2070
30.07.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азаматтарға «Отбасы – тәрбие бастауы» атты тренинг өтті

01.08.2024

13 0

«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен пробация есебінде тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру және әлеуметтік бейімдеу» әлеуметтік қызметі аясында 2024 жылғы 31 шілдеде пробация есебіндегі азаматтардың қатысуымен «Отбасы – тәрбие бастауы» атты семинар-тренинг өткізілді.
Мақсаты – сотталған азаматтардың өмірге деген көзқарасын дамыту, олардың өздеріне деген сенімділікті нығайтуға бағыт-бағдар беру, ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар қатынасында өзара түсіністік пен сыйластықты насихаттау.
Семинар-тренингке аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі Е.Сражатов, Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі М.Табынбаева және пробациялық есепте тұрған 15 азамат қатысты.
Семинар-тренингті аудандық білім бөлімінің әдіскері, психолог Надира Аманкелдіқызы отбасы тақырыбына арналған түрлі психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қызықты өткізді. Шара барысында қатысушыларға әйелдердің құқықтарын қорғауға, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, отбасы институтын нығайтуға бағытталған заң туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ҚР Конституциясы, ҚР Қылмыстық-процестік Кодексі, ҚР Қылмыстық-атқару Кодексі туралы 36 беттік кітапшалар таратылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: