Сейсенбі, 06 тамыз, 21:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62-2072
06.08.2024
PDF мұрағаты

Оқу-ағарту министрі 1 қыркүйекті демалыс күні ету ұсынысын қолдайтынын айтты

06.08.2024

33 0

Фото: Gov.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйекті демалыс күні ету туралы ұсынысты қолдады. Айтуынша бұл ата-аналардың білім күніне арналған мектеп жиынына келуіне мүмкіндік береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Министр қоғамда қызу талқыланып жатқан ұсыныс егер жеткілікті қолдау тапса, оны жүзеге асыруға көмектесуге дайын екенін алға тартты.

«Егер маған нақты негізбен ұсынсаңыздар қолдауға дайынмын. Меніңше, бұл күнді күнтізбенің демалыс күні ету жақсы идея. Бұл қызықты ұсыныс. Егер қоғам қолдаса, әрине мен де қарсы емеспін», – деді министр.

Бейсембаев сондай-ақ бұл бастаманы ілгерілету үшін петициялар тетігін пайдалануға болатынын атап өтті.

Әзірге 1 қыркүйек жұмыс күні болып қала бермек. Дегенмен министрдің қолдауы мен көпшіліктің қызығушылығы сол күннің мәртебесін өзгерту жолындағы маңызды қадамдар болуы мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: