Сенбі, 27 сәуiр, 03:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда университетінің 21 студенті Президенттік стипендия иеленді

16.10.2022

576 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 21 студенті Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына ие болды. Президенттік стипендия оқу  үлгерімі «өте жақсы» және университеттің қоғамдық жұмыстарында белсенділігімен ерекшеленген білім алушыларға тағайындалып отыр.

Президенттік стипендия иеленген жастардың барлығы дерлік үздік әрі ізденімпаз. Олардың қатарында «Химия-Биология» мамандығының 3-курс студенті Гүлназ Оңғар да бар.

Университетке қабылданғаннан кейін өнер жарыстарына жиі қатысып, біліммен қатар шығармашылық қабілетімді де дамытуға тырыстым. Ал 2-курстан бастап ғылыми жұмыстарға қызығушылығым арта бастады. Ғылыми жетекшім, химия ғылымдарының кандидаты Гүлжан Балықбаевамен бірге қойдың құйрық майынан жақпа май дайындау мақсатында зерттеу жасадық. Сондай-ақ, «Жасыл химия» клубындағы студенттермен бірге осы өңірде өсірілетін өсімдіктерден құрамы таза, табиғи сабын дайындап шығардық. Қазір адамдардың көпшілігі бүйрек ауруына жиі шалдығады. Сондықтан жантақ ағашынан бүйрекке пайдалы сусын да әзірледік. Биылдан бастап стипендия көлемінің артқанына қуаныштымын, бұл жастарға үлкен мүмкіндік,– деді Гүлназ Талғатқызы.

Еліміздегі үздік жүз студенттің қатарына енген Назым Балғараева да биыл Президенттік стипендия иеленді.

Университеттегі «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-курсында білім аламын. Қазіргі уақытта педагогика және психология саласы бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысудамын. Ал, бастауышта оқытудың қиындықтары туралы жазған мақалам бойынша еліміздегі «100 үздік жас ғалымның» қатарына қосылдым. Алдағы уақытта педагогика саласы бойынша ғылыми жұмыстармен тереңірек айналысқым келеді. Президенттік стипендия білім алушыларға үлкен мотивация береді. Кейбір студенттердің сабақ уақытынан тыс жұмыс істеп, қосымша қаражат табатыны рас. Бірақ қазіргі уақытта үздіктер қатарынан көрініп, жоғары шәкіртақыны иеленуге мүмкіндік мол, – деді студент.

Айта кету керек, стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша 3-курстан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.

Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:


      1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;


      2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар білім алушылар;


      3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;


      4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: