Сәрсенбі, 07 тамыз, 18:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62-2072
06.08.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық тұрғыннан 267 түп сора тәркіленді

07.08.2024

18 0

Қызылорда облысының тұрғынынан 267 түп сора тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі өсірген аудан тұрғынын ұстады. Жүргізілген жедел жұмыстар нәтижесінде күдіктінің ауласынан биіктігі 1,5-2 метр болатын 267 түп сора өсімдігі тәркіленді. Тәркіленген сораның жалпы салмағы – 248 келі 740 грамм. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, 1 маусым мен 31 қазан аралығында республика көлемінде “Қарасора – 2024” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: