Сәрсенбі, 17 шiлде, 14:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

10.06.2024

320 0

Сурет:видеодан скрин

Қызылордада ІІМ және ҰҚК Бас прокуратураның үйлестіруімен аймақтағы криминогендік жағдайға теріс әсер еткен қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

“Ұстаудың алдында оларға қатысты ұзақ мерзімді жедел іздестіру шаралары жүргізілген. Күдіктілердің қылмыстық әрекеттерін дәлелдеу олардың криминалдық байланыстарының көп болуымен қиынға соқты. Барлық факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Ішкі министрлінің баспасөз қызметінің мәліметінге, топ мүшелері өз мақсаттарын іске асыру үшін адамдарды ұрлап әкетіп, мүлкін тартып алып, қылмыстық қақтығыстарға қатысқан. Сондай-ақ олардың ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқорлық көрсетуге, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласында бопсалауларға қатысы тексеріліп жатыр.

“Топтың негізгі мүшелері қамауға алынды. Атыс және травматикалық қару, ірі мөлшерде қаражат тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізіліп жатыр”, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: