Сәрсенбі, 07 тамыз, 20:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62-2072
06.08.2024
PDF мұрағаты

Жарысқа бара жатқан оқушылар жол апатынан қаза болды

07.08.2024

97 0

Сурет: видео скрин

Қайғылы оқиға Самара-Шымкент тасжолының 862-шақырымында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында «MAN» жүк көлігі мен «Toyota» автокөлігі соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісімен қоса бес жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Өкінішке қарай, қаза болғандардың үшеуі бала.

«Криминальный Казахстан» телеграм-арнасының мәліметі бойынша балалар Маңғыстау облысында өтетін футбол жарысына бара жатқан. 

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: