Жұма, 26 сәуiр, 22:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Нұрсұлтан Назарбаев елордада дауыс берді

19.03.2023

456 0

 Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «Астана Опера» театрында №393 сайлау учаскесінде дауыс берді және келушілерді Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Наурыз мерекесі баршаларыңызға, бүкіл халқымызға жақсылық, көктемнің жарығы мен қуанышын әкелсін. Әр жанұяға жақсылық тілеймін, әумин», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салайық, ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің – 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 29 депутат сайланады.19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Парламент Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: