Сәрсенбі, 07 тамыз, 20:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62-2072
06.08.2024
PDF мұрағаты

49 әйелге үйленуге ұсыныс жасаған ер адам қамауға алынды

07.08.2024

117 0

Бес рет заңсыз үйленіп, 49 әйелге ұсыныс жасаған ер адам қамауға алынды. Оқиға Үндістанның Одиша қаласында орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

36 жастағы Сатьяджит Манаговинд Самал өзін барлау бюросының офицері ретінде таныстырып, қалыңдық пен күйеу жігіттерді табу үшін веб-сайтта құрбандарды алдаған. Ол әдетте ажырасқан әйелдерді таңдап, олармен некеге тұру туралы келісімге келіп, сосын олардан ақша алып, Дубайға қашып кеткен.

Алаяққа қатысты тергеу оның екі әйелінің арызынан кейін басталды. Олардың бірі Самалдың өзін жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегенін, одан көлік сатып алу үшін 815 мың рупий (4 миллион 654 мың теңге) талап еткенін айтқан.

Әйелдің айтуынша, ол күйеуі үшін несие алып, бизнесін дамытуға тағы 3,6 миллион рупий (20 миллион теңге) берген.

Самал полиция қызметкерінің арқасында қолға түсті. Полиция танысу сайты арқылы бір жігітпен танысып, оны кездесуге шақырып, қолға түсірген. Қылмыскердің қолма-қол ақшасы, көлігі мен тапаншасы тәркіленіп, есепшоттарына тыйым салынды. Самалдың телефонынан 49 ықтимал құрбанмен хат-хабар табылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: