Дүйсенбі, 07 қазан, 06:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Арзан баға қайда бар?

11.06.2022

936 0

Бүгінде облыстағы тұрақ­тандыру қорында 78,9 тонна қант бар. Дегенмен әлеуметтік дүкендерде қант тапшылығы сезілуде. Осыған байланысты «Азық-түлік келісім шарт кор­порациясы» ҰК» АҚ арқылы 272 тонна қант тұрақтандыру қорына жеткізіліп, 38 әлеуметтік дүкендер мен әлеуметтік бұ­рыштарда төменгі бағада сатылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бас­шысының орынбасары Айнұр Тлеулеева мәлімдеді.

Оның айтуынша, қант өні­мінің қат болуының басты себебі – бұл мәселеге келгенде шет мемлекеттерге тәуелді болуы­мыздан және көршілес мем­лекеттердегі саяси ахуалға байланысты дейді. Бұл мәселені оңтайландыру үшін облыс әкімдігі мен «Көксу қант зауыты» ЖШС арасында 612 тонна қант босату жөнінде келісімшарт жасалды.

− Соңғы уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар­ларына, оның ішінде қант өніміне байланысты мәселелер жиі көтерілуде. Жалпы біздің өңір қант нарығында импортқа тәуелді екенін айтқым келеді. Сондай-ақ бұл өнім Жамбыл, Алматы облысы мен көршілес Ресей елінен жеткізіледі. Бүгінде облыс бойынша қанттың орташа бағасы – 455 тең­гені құрап отыр. Ал әлеуметтік дүкендер мен әлеуметтік бұрыштарда қант – 263 теңгеден, яғни нарық бағасынан екі есе арзан сатылуда, – деді Айнұр Тлеулеева.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға­сына ұдайы бақылау жүр­гізілуде. Салаға жауапты ма­мандар әлеуметтік дүкендер­дегі тауарларға байла­нысты ешқандай тапшы­лық жоқ екенін алға тар­та­ды. Қазіргі уақытта тұрақтан­дыру қорында – 1167 тонна өнім бар. Оның ішінде, бірінші сортты ұн – 257 тонна, қарақұмық жармасы – 273 тонна, күріш – 84 тонна, өсімдік майы – 474 тонна.

− Жыл басынан бері об­лысқа 500 тоннаға жуық өсім­дік майы жеткізіліп, әлеу­меттік дүкендерде 630 тең­геден сатылуда. Одан бөлек, тұрақтандыру қорына 272 тон­на көлемінде қарақұмық жар­масын сатып алдық. Жалпы ірі сауда орталықтары мен әлеуметтік дүкендерде азық-түлікке байланысты тапшылық жоқ. Облыстағы тұрақтандыру қорының өнімдері және «ай­налым схемасы» шеңберінде қарыз алған кәсіпкерлік субъек­тілерінің өнімдері 39 әлеуметтік дүкен арқылы және облыс орталығының 13 ірі сауда үйі­нің әлеуметтік бұрыштары арқы­лы сатылады, – деді «Алтын Қамба» Агроөнеркәсіп комбина­ты» ЖШС директоры Талғат Бекішов.

Алайда бұл − жауапты ма­мандар айтқан ақпарат қана. Облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Мира Жакибаева «Әлеуметтік дү­кеннен» арнайы барып күріш, картоп пен сәбіз алып келген. Сапасы көңіл көншітпейтін тауарларды сату қаншалықты заңдылық деген сұраққа «Алтын Қамба» Агроөнеркәсіп комбинаты» ЖШС директоры Талғат Бекішов жауап берді.

− Біз қазір тез бұзылатын өнімдерді қоймада сақтамау туралы шешім қабылдадық. Әлеуметтік дүкендерде қызмет ететін кәсіпкерлерге арнайы төмен пайыздық «займ» бе­реміз. Ал олар өнімдерді кімнен және қаншаға ала­тынын өздері біледі. Басты­сы, біз бекіткен бағада сау­да­лауы қажет. Әрине, мұн­дай заңсыздықтарға біз жол бермейміз. Зерттеу-зер­делеу жұ­мыстарын жүр­гізіп, жауапты адам­дарды жауапкершілікке тар­тамыз, − деді директор Талғат Бекішов.

Баспасөз жиынында, сон­дай-ақ ауылшаруашылығы ми­нистрлігі қазір елдегі қант тапшылығын жою мақсатында Үндістанмен келіссөздер жүр­гізіліп жатқаны айтылды. Одан бөлек өзге дүкендер өнім бағасына 15 проценттен артық үстемақы қосқаны үшін жауапкершілікке тартылатыны да ескертілді.  

Динара ЖҰМАДІЛ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: