Бейсенбі, 08 тамыз, 23:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62-2072
06.08.2024
PDF мұрағаты

Париждегі Олимпиадада спорт басқармасының басшысы қайтыс болды

08.08.2024

24 0

Сурет:olympik.kz

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған. 

Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидұлының кенеттен өмірден озуына байланысты отбасы мен туған, туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, – деп хабарлады басқарманың әлеуметтік желідегі парақшасы. 

Ерден Хайруллин 2009 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген, 2011 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Экономика» мамандығы  бойынша  тәмамдаған  және Азаматтық авиация академиясынын авиация техникасы және технологиясының магистрі дәрежесін алған.

2012-2019 жылдары Алмалы ауданы әкімі аппаратында кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, осы бөлімнің басшысы болып қызмет атқарған.

2019-2022 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Алматы спортын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарып келді.

Ақпарат көзі: massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: