Сенбі, 10 тамыз, 20:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63-2073
09.08.2024
PDF мұрағаты

«Қазақ жігіттері, теріс ағымнан шығып, «қазақ болыңдар!». Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы

10.08.2024

32 0

Сурет:ашық дереккөз

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы қазақ жігіттеріне үндеу тастап, жат ағыммен санасын уламауға шақырды. Сонымен қатар теріс ағымның жетегіне кетпей, «қазақ болып қалуды» қадап айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Белгілі журналист өзінің әлеуметтік желі парақшасында қазақ жігіттеріне үндеу тастады:

Жекеме теріс ағымға кетпеген, әсіредіншіл емес, намазын өзі үшін оқып жүрген ер-азаматтарымыз кешеден бері ағылып келіп, «Еркексің! Ырзамын» деп жазуда. Бұлар қайдан келіп жатыр десем?

Сөйтсем мына пікірімді алған екен ғой порталдар.Өз ұлтын шексіз сүйетіндердің ойларымен сәйкес келіп жатқаныма қуанамын.Жігіттер! Сендердің қолдарыңда тұр – ұлтымыздың тағдыры. Егер сендер Қазақпын деп қазақилығыңды көрсетсең, мына қыздарымыз да тұмшаланып кетпейді.Қазақ болудан неге қашасыңдар? Түрің де, тілің де – қазақ қой. Теріс ағымға кеткен оператор жігіттің тағдырының күл-талқанын естідім. Қандай керемет маман еді. КТК арнасында соған бәріміз таласатынбыз, кадрымыз дұрыс шықсын деп. Бүгінде Алтын Орда базарының құл базарында арба сүйреп жүргенін естіп, жылап алдым. Осы ағым құртты оны.Қазақ болайықшы?! Мен Сендердің көздеріңнен ата-бабаларымның жалындаған көзін көргім келеді. Олар мына кең-байтақ жерді бізге аманаттап кетті емес пе? Бетін аулақ етсін, егер де басымызға күн туса – атқа қонатын мына сендер! Біздер (әйелдер) тілеулеріңді тілеп қана отырамыз үйде. Сондықтан да, рухтарыңды жиып алып, теріс ағымның жетегінен шығыңдаршы.Қазақ болайық! – деп жазды журналист. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: