Бейсенбі, 15 тамыз, 21:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64-2074
13.08.2024
PDF мұрағаты

Енді мектептер орыс тілінің орнына ағылшын тілін оқытпақ

15.08.2024

24 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Биыл жаңа оқу жылынан бастап шет тілі пәні ретінде ағылшын тілін оқытуға көшеді. Бұл туралы Монғолия елінің білім министрлігі хабарлады. Бұған дейін мектептерде шет тілі ретінде негізінен орыс тілі оқытылған.

Моңғолия білім министрі Пурэвсурэнгийн Наранбаяр тиісті шешім қабылдағанын айтты. Оның сөзінше, мектептерде ағылшын тілін негізгі шет тілі ретінде үшінші сыныптан бастап оқыту көзделген. Жаңа оқу жылында 100 мектепте тест режимінде Pearson English бағдарламасы іске қосылып, онлайн және оффлайн оқытылмақ.

Моңғолия ағылшын тілі пәні мұғалімдерін шетелде – ең алдымен Филиппиндегі магистратурада дайындауды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, биыл тамыздың басында Моңғолияға сапармен барған кезде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен сол елдің астанасы Ұланбатырда АҚШ-тың қолдауымен ағылшын тілі орталығы ашылады деп уәде еткен.

Моңғолия мектептерінде орыс тілі негізгі шет тілі пәні ретінде Совет одағы кезінде енгізілген. Мектептердің басым көпшілігінде орыс тілі жалғыз шет тілі пәні болатын.

2023 жылы Моңғолия парламенті қабылдаған заң бойынша, елдегі мектептерде негізгі шет тілі пәні ретінде ағылшын тілі бекітілген.

Ақпарат көзі:  Ulysmedia.kz 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: