Жұма, 16 тамыз, 19:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64-2074
13.08.2024
PDF мұрағаты

Балабақшада 5 жасар бала ацетон ішіп, уланып қалған

16.08.2024

25 0

Сурет: Н.Нұржаубай

15 тамыз күні бес жасар бала ацетон ішіп, ауруханаға түсіп қалды. Оқиға Екібастұздағы балабақшалардың бірінде орын алған, – деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz сайты.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бес жасар балаға 15 тамызда сағат 16:51-де Мәшһүр Жүсіп көшесі, 76/1 мекенжайындағы балабақшаға «жедел жәрдем» шақырылған. Дәрігерлер алдын ала химиялық улану (ацетон) диагнозын қойып, асқазанды тазалауға кірісті.  

Білім беру бөлімінің мәліметінше, қызметтік тексеру барысында балабақша тәрбиешісінің көмекшісі химиялық сұйықтық құйылған бөтелкені жуынатын бөлмеде қалдырып кеткені анықталды. Кәмелетке толмаған бала бөтелкені алып, бір жұтым ішіп қойған.

– Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады, – деп түсіндірді Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова.

Науқас Екібастұз қалалық ауруханасында орта дәрежедегі жағдаймен бөлімшеге ауыстырылды. Қазіргі таңда толық дәрігерлердің бақылауында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: