Жексенбі, 18 тамыз, 13:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№65-2075
17.08.2024
PDF мұрағаты

Ер адам сүйіктісінің зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен

18.08.2024

16 0

Фото: depositphotos.com

Астанада ер адам сүйіктісінің зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Елорда тұрғыны полицияға, жігіті өз еркімен оның зергерлік бұымдарын ұрлағаны туралы арызбен жүгінген.

Жәбірленушінің айтуынша, сүйіктісімен бірге қонақ үйде болған кезде, жас қыз бөлмеде алтын сақинасы мен сырғасын ұмытып кеткен. Жоғалғанын байқаған қыз, ер жігітке заттарды алып кетуін сұраған.

Алайда бұйымдарды алғаннан кейін, ер азамат оларды жоғалтып алғанын мәлімдеген.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, «Сарыарқа» ауданы ПБ қызметкерлері 35 жастағы ер адамды анықтаған. Ол, бұйымдарды алғаннан кейін ломбардқа өткізіп, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады.

Астана қаласының Полиция департаменті азамттарды мұқият болуларын ескертеді. Құнды заттарыңызды қауіпсіз жерде сақтап, тек сенімді адамдарға сеніңіздер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: