Сейсенбі, 10 қыркүйек, 00:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№71 (2081)
07.09.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі 24 сотталғанға «ескерту» берілді

20.08.2024

153 0

Ағымдағы жылдың тамыз айының 15-нен Республикалық «Пробация» атты жедел профилактика іс шарасы басталды. Қызылорда қалалық,аудандық пробация қызметі,  қалалық полиция басқарамасымен және әлеуметтік бейімдеу орталығы қызметкерлерімен бірлескен мобильді топ құрылды. Есепте тұрған тұлғаларға тұрғылықты мекенжайлары бойынша бірлескен тексерістер жүргізілуде.
 Іс шараның мақсаты пробацияда есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауын алдын алу.
Қазіргі уақытта Қызылорда аудандық, қалалық пробация қызметі тобының есебінде 1000-ға жуық адам тіркеуде тұр. Тексеріс барысында инспекторлар есептегі тұлғаларға сот жүктеген міндеттерді орындауды және қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылықтар жасамау керек екендігін қатаң ескертіп,олармен профилакткалық сұхбаттар жүргізді.
  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Пробация қызметіне басшылық жасау тобының бас маманы әділет майоры Ғаламат Құлмановтың айтуынша сотталғандар іс-шарада барысында құқықбұзушылыққа тартылса біз оларға ескету береміз. Тамыз айының 15-18 аралығында 600-ге жуық сотталған мекенжайынан тексеріліп, 24 сотталғанға «ескерту» шарасы берілген, 2 сотталғанның бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ұсыным жолданды.
Іс-шара кезінде қайталама қылмыс жасауға, алкогольдік ішімдік ішуге, отбасылық тұрмыстық жанжалға бейім тұлғалар қадағаланып, учаскелік полиция инспекторларымен тығыз байланыста жұмыстар атқарылып жатыр. Республикалық профилактикалық шара 22 тамызға дейін жалғасады,- деді әділет майоры Ғаламат Құлманов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: