Жексенбі, 08 желтоқсан, 06:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Петропавлда Қазақстаннан өз егемендігін жариялаған сепаратистік ұйымның 3 азаматы қамауға алынды

18.04.2023

723 0

Петропавлда сепаратизмді насихаттады деген үш белсендісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Сепаратизмді насихаттады деп күдіктелген топқа екі қылмыстық іс қозғалған, ҚР Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған. Бұл ауыр қылмыстар санатына кіреді. Оның санкциясымен 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жазалау қолданылады.

Топтың негізгі үш фигуранты бүгін бір сағат бұрын уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деді СҚО прокуратурасы басқармасының бастығы Ғани Жалби.

Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен болған комиссиялық психологиялық-филологиялық сот сараптамасының қорытындыларына сәйкес сепаратизм белгілері анықталған.

«Тергеу барысында Петропавл қаласында 2023 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында «Халық Кеңесі» тобына қатысушылар облыс орталығының 20 азаматынан тұратын топтың жиналысы өткендігі, олар өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасарлары деп көзқарастарын білдіргендіктері белгілі болды. Біреуі кәмелет жасына толмаған баласымен келген. Қалған 16 адам жұмыстарынан шеттетілген жоқ, қызметтерін жалғастырып жатыр. Олар бойынша шешім қабылданған жоқ”, – деді Ғани Жалби.

Прокуратура бастығының сөзінше, кінәсі дәлелденген жағдайда күдіктілер жазаға тартылады.

“Тергеу барысы қатаң бақылауда. Кімнің қайда жұмыс істейтіндігі туралы, қалай бұл топқа қосылғандығы туралы әзірге ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда және жиналысқа қатысқан басқа тұлғаларға қатысты объективті және жан-жақты құқықтық баға берілетін болады», – деді СҚО прокуратурасы басқармасының бастығы. 

Естеріңізге салайық, 30 наурызда Петропавлда егемендік жариялаған бір топ азаматқа қатысты сепаратизмді насихаттау бабымен іс қозғалған еді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: