Жексенбі, 15 қыркүйек, 21:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№73-2083
14.09.2024
PDF мұрағаты

Жол апатының салдарынан үйлер газсыз қалды

21.08.2024

273 0

Сурет: видео скрин

 LiXiang көлігін тізгіндеген жүргізуші газ құбырының тірегін сындырып алған. Оқиға Алматыдағы көшелердің бірінде орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде Достық қиылысында Оспанов көшесінде болған жол-көлік оқиғасының видеосы пайда болды. Кадрлардан көліктің газ құбырына соғылғанын көруге болады.

Полицияның мәліметінше, апат 20 тамызда сағат 9:50-де Медеу ауданында болған.

«LiХiang көлігінің жүргізушісі Оспанов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Subaru маркалы автокөлікпен соқтығысты. Одан әрі кедергіге – газ құбырының тірегіне соғылды. Медициналық көмекке Subaru жүргізушісі жүгінді. Апатты тергеуге Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері кірісті», – делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан жеке тұрғын үйлердің 642, ұжымдық ғимараттардың 2 кірісі (40 пәтер) және коммуналдық кәсіпорындардың 4 кірісі газсыз қалды.

Жөндеу, қалпына келтіру және іске қосу жұмыстары қазірдің өзінде жүріп жатқаны және 20 тамызда аяқталатыны айтылды. Барлық қажетті жұмыстар аяқталғаннан кейін үйлер мен кәсіпорындарға қайтадан газ беріледі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: